Дата публикации: 28.03.2016 12:26
Дата изменения: 28.03.2016 12:26

Биылғы жылы, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, Павлодар облысыкірістер органдарының қызметкерлері сайлауда ұйымшылдықпен өз дауыстарын беріп, азаматтық парыздарын өтеп, Наурыз мерекесін де белгілі бір жетістіктерімен қарсы алып отыр. Ағымдағы күнге, 2015 жылмен салыстырғанда, мемлекеттік бюджетке қосымша 14 миллиард шамасында салық және басқа да міндетті төлемдердің түсуі қамтамасыз етілді. Қоғамдық өмір де назардан тыс қалмады. Департамент қызметкерлері Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, облыстың мемлекеттік қызметшілері арасында өтіп жатқан спартакиадада жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде, бүгінгі күнге шаңғы жарысынан жүлделі орындарға ие болды.

Наурыз мерекесінің қарсаңында Мемлекеттік кірістер департаментінде салтанатты жиналыс өткізілді. Онда өткен 2015 жылды жақсы жұмыс нәтижелерін көрсеткен Қасенова Г.Қ., Жанғазина Д.Т., Қамзина А.К. сияқтты қызметкерлер марапатқа ие болды. Наурыз мейрамына қарсы облыс Әкімінің грамотасымен МКД басшысының орынбасарлары Байғұрманов Е.Е., Рақышев Р.Ғ., Шәкірова Ә.А., басқарма басшысы Шөкелов А.А., Екібастұз қаласы бойынша МКБ-ның бөлім басшысы Серғазина С.Б., МКД-нің бас мамандары Туружанов Р.К., Завалина Т.М. марапатталды. Халықаралық кеденшілер күніне орай «Павлодар - АЭА» кеден бекетінің басшысы Шәдиев А.Қ. халықаралық кеден ұйымының грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар біраз ардагерлерге Департамент басшысының алғыс хаттары табыс етілді. Салық қызметінің ардагерлері К.Р.Калимбаеваға, және А.М. Оспановаға «Еңбек ардагері» медалдері табыс етілді.

Жүлделі орындарға ие болған Шеглов Г.Б., Төлемісова М.И., Адамжанова А.М., Мақышев Д..У., Ыскакова Г.И., Еркенова А.Т., Оразғұлова А.Ж. сияқты спорттық іс-шаралардың белсенді мүшелері де марапаттарға ие болды.

Наурыз мейрамы әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. "Наурыз" сөзі "Жаңа күн" деген мағынаны береді. Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз» деп қарсы алған. 

Наурыз мейрамы – қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты. Наурыз мерекесі Қазақстанда  мемлекеттік мереке болып жарияланды, ал 2009 жылдан бастап бұл мереке 3 күн, 21, 22, 23 наурыз күндері тойланады. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады.

Биылғы жылы Наурыз мейрамында Павлодар қаласының орталық алаңы мен шағын аудандарында барлығы  90-нан аса киіз үй құрылды. Ауа райы да қала тұрғындары мен қонақтардың көңлінен шығатындай жайма шуақ, жылы болды.  

Павлодар облысының мемлекеттік кірістер органдары, көктемнің гүлді де көңілді, жарқын  мерекесі, аталарымыздан қалған дәстүр, Қазақстандықтар үшін ерекше тарихи маңызы бар Наурыз мерекесін тойлауға белсене қатысып, жұрт қатарлы атап өтті. 

 

Павлодар қаласының орталық алаңында біздің қызметкерлер, осымен екінші жыл қатар, көргенде көз тоятындай әсем киіз үй тұрғызды. Киіз үй іші қазақ халқының күнделікті тіршілігінде пайдаланған үй ішінің ұлттық заттарымен – түскиіз,  құрақ көрпелер, сандық, піспешелек, домбыра және басқа да әшекейлермен безендендірілген. Кірістер Департаменті қызметкерлерімен бірге облыстың Қазынашылық департаменті және Мәдениет басқармасының қызметкерлері қатысты.

Біздің киіз үйде қызметкерлердің күшімен ұлттық дәстүрлі тағамдар дайындалып, қала тұрғындарына, қонақтарға және ардагерлерге ұсынылды.

Ардагерлерге  арнап шашу шашылды.  Киіз үй ішінде қазақ әндері ойналып, Кірістер департаментінің бас маманы Ж.М. Акижаев ардагерлерге интернационалдық «Дударай» әннін шырқап берді. Ардагерлер мерекеге шақырып, осындай көрсеткен құрметтері үшін Департамент басшылығына және қызметкерлеріне ерекше ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

Наурыз мейрамын өткізуде Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарлары Ғаббасов Е.И., Құлбеков А.М., Жанғазина Д.Т., облыстық аппараттың қызметкерлері Әміркенова Ж.А., Дүйсембекова А.Ж., Қарғасеков А.Т., Игліков Т.Қ., Сейтбатталова Р.Е., Байтемірова А.Н., Сатемірова А.М. сияқты қызметкерлер аса белсенділік көрсетті. 

Наурыз мерекесін тойлаудан қалалар мен аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары да шет қалмалы, олардың көпшілігі жергіліктті атқару органдарымен қатар, мемкемелермен бірлесін киіз үйлер құрды, тойға өз үлестерін қосты.

 Өзінің қайталанбайтын әдемілігімен ерекше орын алатын осынау бір гүлді мереке ұйымшылдықпен, көңілді де сәнді өтті.