Date of publication: 07.10.2016 10:05
Date of changing: 07.10.2016 10:07

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 142 бабының 6 тармағына сәйкес,  жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлғатаратылған, қайтаұйымдастырылған жағдайда, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама төлеушінің көрсетілген анықтамалар дыңбіреуін алуға берген өтінішінің және кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша салыстырып-тексеру актісінің негізінде беріледі.

Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама берілген кезден бастап күнтізбелік отыз күн бойы жарамды болады.

Кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша салыстырып-тексеру актісі, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеңсесіне Павлодар қ. Ленин к-сі.57-үй төлеушінің өтінішін тапсыру негізінде  беріледі.