Date of publication: 17.11.2016 15:48
Date of changing: 17.11.2016 15:48

Павлодар облысы бойынша Мемлекетітк кірістер департаменті ағымдағы жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша кезекті кеңейтілген кеңесті өткізді.

Кеңес жұмысына облыстық мемлекеттік кірістер органдарының барлық аймақтық құрылымдық бөлімшелері қатысты.

Кеңейтілген кеңес жұмысын Департамент басшысы Т.Қ.Сәрсембаев ашты. Ол кеңес қатысушыларының назарына 2016 жылғы 10 айының жұмыс нәтижесін қорытындылады және жұмыстың басты бағыты - болжамдық көрсеткіштердің жалпы және жеке көздері бөлшегіндегі  орындалуына баса  назар аударды.

Сонымен, жалпы 01.11.2016 жыл жағдайына, болжамдық көрсеткіштер өсу қарқынымен   140,5% немесе 49 418,1 млн. теңгеге абсолюттік өсіммен орындалды. Болжамдық көрсеткіштер бюджеттің барлық деңгейлері бойынша асыра орындалды. Мемлекеттік бюджетке 169 904,8 млн. теңге сомасына түсуі қамтамасыз етілді,  жоспар бойынша  164 279,3 млн. теңге немесе 103,4 % (асыра орындау   5 625,5  млн. теңге)  құрды. Республикалық бюджет 6 352,7 млн. теңгеге асыра орындалды, өткен жылға қарағанда рекордтық өсу қарқынымен 171,3%  немесе  58 816,2 млн. теңгеге  абсолюттік өсім. Оның ішінде кедендік төлемдер бойынша орындау  118,8 % құрды, өткен жылға қарағанда өсу қарқындылығы 140,5 % құрды. Бюджетке қосымша 2 420,8  млн.теңге сомасына түсімдер қамтамасыз етілді. Жергілікті   бюджет  101,2%  немесе  1 386,8 млн. теңгеге асыра орындалды.

Ағымдағы кезеңде 3393 әртүрлі салық тексерісі өткізілді, есептелген салық сомасы 15 812,0 млн.теңге.

Камералдық бақылау және шаралардың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 987,6 млн.теңге қайта есептелді, облыс Әкімі бекіткен қосымша резервтерді іздестіру шараларды орындау негізінде, бюджетке қосымша іздестірілген резервтердің сомасы миллиард теңге шамасын құрды.

 

Департамент басшысы салық салу бойынша және сыртқы экономикалық қызметі саласы заңнамасындағы келе жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді  жария етті. Олардың барлығы әкімшілік тосқауылдарды төмендетуге бағыталғанын айтып өтті.  Атап айтқанда, кедендік ресімдеу процедурасы жеңілдетілді, декларацияны ұсыну кезінде құжаттардың саны және оларды өңдеу уақыты қысқартылды.

Бұдан бұрын кеңесте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хаттамалық тапсырмаларының орындау мәселелері қарастырылды және есеп беру кезеңіне жұмыс қорытындысы бойынша  есептері тыңдалды: кеден блогі бойынша Департамент басшының орынбасары А.А.Шәкірова сөз сөйледі, сыртқы экономикалық қызметінің блогі бойынша Департамент басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Н.Т.Нұрғабылов баяндады.

 Облыстың мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі туралы Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Е.Н.Құрманов баяндады. Оның баяндамасында жүргізіліп жатқан алдын алу шараларына және сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерді болдырмауға және сеніп тапсырылған ұжыммен жұмыс істеуге бағытталған жұмысқа баса назар аударылды.

Е.Н.Құрмановтың баяндамасында мемлекеттік кірістер органдары жүйесіндегі жеке қызметкерлерді жауаптылыққа, оның ішінде қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы нақты мысалдар келтірілді.

Бұдан кейін 2016 жыл соңына дейін РБ және ЖБ түсімдер жоспарын орындау, бюджетке қосымша түсімдерді іздестіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы, салық берешекті төмендету шаралары, мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы және 2016 жылғы 10 айының жұмыс қорытындысы бойынша қала және аудан МКБ және кеден бекеттері басшыларының есептері тыңдалды.

Есептерді баяндау барысында басшы тарапынан қосымша анық-қанығын анықтау  сұрақтары қойылып, проблемалық мәлелелер бойынша түсіндірулер тыңдалды. Қала және аудан бойынша МКБ басшыларының баяндамалары слайдтарды көрсетумен сүйемелденген.

Кеңес нәтижесін қорыта келе, Департамент басшысы Т.Қ.Сәрсембаев қатысушылардың алдына нақты міндеттер қойып, 2016 жылға болжамды көрсеткіштерді сапалы орындауын қамтамасыз ету бойынша жеке тапсырмаларды берді.

Кеңейтілген кеңес сапалы және нәтижелі өтті.