Date of publication: 10.05.2024 12:32
Date of changing: 10.05.2024 12:34

Өңірлік коммуникациялар қызметінде кедендік мәселелерге жетекшілік ететін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Руслан Рахимбердінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында кедендік әкімшілендіру, Кедендік бақылау, сыртқы сауда айналымы, шетел валютасын әкету және жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу шарттары және басқа да көптеген мәселелер БАҚ өкілдерімен талқыланды.

– 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кіріс органдарына экспорт немесе импорт бойынша ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау бойынша валюталық бақылау функциясы берілді. Ұлттық Банктің экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру бөлігіндегі функцияларын қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары (МҚҚ) орындайды. Сондай-ақ, МҚҚ-ға валюталық заңнама саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және қозғау құзыреті берілген, - деп атап өтті Руслан Рахимберді және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды қолданыстағы заңнаманы сақтауға шақырды.

БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы