Date of publication: 12.06.2024 11:58
Date of changing: 12.06.2024 12:01
  1. Салық органдары шетелдік көздерден түсетін кірістер туралы қалай біледі?

 

Автоматты ақпарат алмасу туралы көпжақты келісімге сәйкес, 2021 жылдан бастап Шетел банктеріндегі шоттарға түскен қазақстандық азаматтардың табыстары туралы 80 елден мәліметтер келіп түседі (мәліметтер: банк шоттарындағы ақша қаражатының қалдығы; алынған дивидендтердің сомалары; активтерді және басқа да кірістерді сатудан түскен түсімдердің сомалары және т.б.).

Ағымдағы жылы ғана шетелдік банктердегі кірістерге  камералдық бақылау қорытындысы бойынша 568 салық төлеушіден  3 млрд.теңге салық өндірілді.

 

  1. Егер мен декларацияны дұрыс толтырмасам не болады?

 

Азаматтар кез келген қателерді немесе дәлсіздіктерді қосымша декларация беру арқылы өз бетінше жоюға құқылы. Салық кодексінің 48-бабына сәйкес талап қою мерзімі үш жыл.