Date of publication: 12.11.2024 12:21
Date of changing: 12.11.2024 12:37

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

 

Кеден транзиті кезінде қамтамасыз ету сертификатын тіркеуге өтінішті 2024 жылдың 16 қарашадан бастап «Кеден» ақпараттық жүйесінде «Кедендік баждарды, салықтарды, демпингке қарсы, арнайы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді тіркеу» модулі арқылы бере аласыз.

«Кеден» АЖ жұмыс жөніндегі нұсқаулықтар https://keden.kgd.gov.kz сілтеме бойынша орналастырылған.

Жүйеде тіркеуге байланысты мәселелер бойынша Сіз Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіне 8 (7182) 32-48-03, 32-20-81 телефондары арқылы хабарласа аласыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы