Date of publication: 15.05.2025 14:41
Date of changing: 15.05.2025 14:43

Құрметті салық төлеушілер!

 

Салық есептілігін тапсыру мерзімі жақындап келетінін естеріңізге саламыз. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, бұзушылықтарды болдырмау үшін қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз.

 

Есептілік

 

15 мамыр

 

101.03 нысаны – 2025 жылдың 1 тоқсаны үшін резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп-қисап;

101.04 нысаны – 2025 жылдың 1 тоқсаны үшін бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп-қисап;

200.00 нысаны – 2025 жылдың 1 тоқсаны үшін ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;

300.00 нысаны – 2025 жылдың 1 тоқсаны үшін ҚҚС бойынша декларация;

400.00 және 421.00 нысандары  – акциз бойынша декларация және                  2025 жылғы наурыз үшін құрылымдық бөлімшелер мен салық салуға жататын объектілер бойынша есеп-қисап;

500.00 нысаны – роялти және өндіру бонусы бойынша декларация;

531.00 нысаны – салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларация (есеп):

 - жер қойнауын пайдаланушылар 531.01 қосымша бойынша 2025 жылдың               1 тоқсаны үшін декларация тапсырады;

- алушылар мемлекет атынан 531.02, 531.03 қосымшалары бойынша                   2025 жылдың 1 тоқсаны үшін ағымдағы төлемдердің есебін ұсынады;

560.00 нысаны – егер тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем мөлшері                10 000 АЕК-тен асатын болса, 2025 жылғы 1 тоқсаны үшін тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем бойынша декларация;

570.00 нысаны – 2025 жылғы 1 тоқсаны үшін экспортқа рента салығы бойынша декларация;

590.00 нысаны – 2025 жылғы 1 тоқсаны үшін жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;

701.01 нысаны – 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдайы бойынша салық міндеттемелері туындаған немесе өзгерген объектілері бойынша 2025 жылға арналған жер учаскесі және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу;

710.00 нысаны – 2025 жылғы 1 тоқсаны үшін ойын бизнесі салығы бойынша декларация;

860.00 нысаны – 2025 жылғы 1 тоқсаны үшін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша декларация;

870.00 нысаны – 2025 жылғы 1 тоқсаны үшін қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем бойынша декларация;

880.00 нысаны – 2025 жылғы 1 тоқсаны үшін цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация;

913.00 нысаны – 2025 жылғы 1 тоқсаны үшін бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация.