
ҚР Салық кодексінің 49 бабының 1-тармағына сәйкес төлену мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не салықтық берешекті өтеу мерзімдерін ұзарту салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады. Осы тармақтың ережелері айыппұлдар сомасына қатысты қолданылмайды
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту ұсынылған салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижелері бойынша, уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша салық органы есепке жазған салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту нысанында жүзеге асырылады.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімі салықтың және (немесе) төлемнің төленуге тиіс бүкіл сомасына не оның бір бөлігіне қатысты өзгертілуі мүмкін
Бұл ретте, төлем көзінен ұсталатын салықтар, акциздер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін салықтар бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері өзгертілуге жатпайтыны туралы хабарлаймыз.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеудің болжамды графигін қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тиісінше бір мезгілде немесе кезең-кезеңмен төлей отырып, Салық кодексінің 51 бабымен көзделген, негіздер болған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.
Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде төлей отырып, кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі. Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемақыны белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін, алайда оларды мынадай:
1) салық төлеушіге еңсерілмейтін (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары) салдарынан нұқсан келтіру;
2) салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруінің және (немесе) өткізуінің маусымдық сипатта болуы;
3) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті есепке алмағанда) біржолғы салық төлеуге мүмкіндік бермеуі;
4) соттың берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы;
5) салық төлеушінің негізгі қызмет түрінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатқызылуы;
6) салық төлеушінің қосымша салықтық есептілікті ұсынуы;
7) салық төлеушінің есепке жазылған салықтардың және (немесе) төлемақылардың тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларымен келісуі негіздерінің бірі болған кезде оларды төлеу мүмкіндігі кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіз болатын салық төлеушіге берілуі мүмкін. Осы тармақшаның ережелері салық төлеуші ретінде тіркелген күнінен бастап кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейінгі кезең кемінде бес жылды құрайтын салық төлеушілерге қолданылмайды.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы өтінішке мынадай құжаттар:
1) тиісті контрагент-дебиторлармен жасалған шарттардың бағалары (өзге де міндеттемелердің көлемдері мен олардың туындау негіздері) және оларды орындау мерзімдері көрсетіле отырып, салық төлеушінің контрагент-дебиторларының тізбесі, сондай-ақ осы шарттардың (міндеттеменің өзге де туындау негіздерінің бар-жоғын растайтын құжаттардың) көшірмелері қоса беріледі. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаға қолданылмайды;
2) Салық кодексінің 51 баптың 4-тармағында көрсетілген, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің бар-жоғын растайтын құжаттар;
3) бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі қоса берілген кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттар не кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі. Бұл ретте бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеуші кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейін он жұмыс күнінен кейін жасалуға тиіс.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы немесе оны өзгертуден бас тарту туралы шешімді қабылдауға уәкілеттік берілген орган уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылдайды. Қазырғы кезде мемлекеттік кірістер органдарға салық төлеушілердің өтініштерін жеделдетілген негізде қарастыруы тапсырылды, яғни салық төлеушіден сәйкестік өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Мүлікті кепілге қою шартын жасасу талаптары ҚР Салық кодексінің 52 бабымен реттеледі. Егер өтініш салықтарды және (немесе) төлемақылардың төлеуі кейінге қалдыру/ мерзімің ұзарту бойынша банк кепілдігімен ұсынылса ҚР Салық кодексінің 53 бабымен реттеледі.
Салық төлеушілердің мәліметі үшін ҚР Салық кодексімен кейінге қалдырудың және мерзімін ұзартудың қолданылуын тоқтатуы көзделгені туралы хабарлаймыз. Сонымен, ҚР Салық кодексінің 54 бабына сәйкес кейінге қалдырудың және мерзімін ұзартудың қолданылуы тиісті шешімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады, және кейінге қалдырудың және мерзімін ұзартудың қолданылуы:
1) салық төлеуші салықтардың және (немесе) төлемақылардың бүкіл сомасын белгіленген мерзім өткенге дейін төлеген;
2) салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды және мерзімін ұзартуды беру шарттарын бұзған;
3) егер кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту осы Кодекстің 51-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіз бойынша берілген жағдайда – тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы салық органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берілген жағдайларда тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Бұл ретте, егер салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімі қолданылса салық органы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің күшін жою туралы алдын ала салық төлеушіге хабарлама жіберіледі.
Егер салықтық міндеттемені орындау графигі бұзылған жағдайда кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолдану және оны өткізу, сондай-ақ банк кепілдігінің орындалуын талап ету тәртібі көзделген.
Сонымен, егер салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлік кепілімен және (немесе) банк кепілдігімен қамтамасыз етілген салықтық міндеттемені орындау графигі бұзылған жағдайда, салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге қойылған мүлкіне өндіріп алуды қолданады не банк кепілдігінің орындалуын талап етеді.
Бұдан басқа, салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттықтар өткізу жолымен жүргізеді.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзартуы салық төлеушінің орналасқан жерінде немесе төленетін жерінде өндірілгені туралы мәлімет үшін хабарлаймыз (ҚР Салық кодексінің 50 бабы).
Кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту егжей-тегжейлі тәртібі мен шарттары ҚР Салық кодексінің «Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту. Салықтық міндеттемені тоқтату негізі» 6 бөлімімен көзделген.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту бойынша сұрақтар болған жағдайда салық төлеуші орналасқан жеріне, салықты төлейтін жеріне Мемлекеттік кірістер органына немесе Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тел: 32-15-43, 32-24-42 жүгінуге құқылы.