
"Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті қызметкерлері мен бизнес өкілдерінің қатысуымен Бақылау-кассалық машиналарды қолдану және фискалдық чектер беру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдана отырып жүргізіледі. Ақшалай есеп айырысулар деп қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар түсініледі. БКМ қолданған кезде тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады. Бұдан басқа, БКМ чегі сатушы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті беруші) мен сатып алушы (клиент) арасында қағаз түрінде не электрондық түрде берілген ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру фактісін растайтын БКМ бастапқы есепке алу құжаты болып табылады. Сонымен қатар, сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қолма – қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде БКМ қолданбағаны үшін, сондай-ақ пайдалану орны бойынша Мемлекеттік кірістер органында ақаулы немесе есепте тұрмаған БКМ қолданғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген, бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл 20-дан 40 АЕК-ке дейін мөлшерінде (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284-бабы). БКМ чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін тауарға немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру үшін де әкімшілік жауапкершілік көзделген (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284-бабы) – өз сөзінде өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Ерболат Ғаббасов атап өтті.
Іс – шара барысында кәсіпкерлер "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал" және "Байге"республикалық акцияларын өткізудің шарттары мен мақсаттарымен танысты.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы