Жарияланған күні: 26.05.2023 17:36
Өзгертілген күні: 26.05.2023 17:37

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 -бабында субсидиарлық жауапкершілік қарастырылған, мұнда банкроттық кәсіпорынның лауазымды адамы әдейі банкроттылық, сондай-ақ белгіленген  міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты.

Осылайша, Заңның 11-бабының 2- тармағының 1),2),7),8) тармақшаларында көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін борышкердің лауазымды адамдары борышкердің мулкі жеткіліксіз болған жағдайда, кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін субсидиарлық жауаптылықта болады. 

Сонымен бірге бұл талаптарды орындау борышкердің лауазымды адамдарының міндеттеріне жатқызылуы тиіс-борышкер міндетті: оның мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), заңды тұлғаның құрылтай құжаттармен осыған уәкілеттік берілген органы оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге; сотқа және әкімшіге – сот банкроттық немесе оңалту туралы іс қозғау жөнінде ұйғарым шығарған күннен бастап, ал осы Заңда көзделген жағдайларда әкімші тағайындалған күннен бастап қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде борышкерде бар мүлік, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) және (немесе) лизингтегі мүлік туралы, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмірлері және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тұрған жері туралы, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді үш жұмыс күні ішінде беруге; уақытша басқарушыға борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде – құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, жиырма жұмыс күні ішінде банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге; қарау арқылы зерделеу үшін есепке алу құжаттамасына уақытша басқарушының қолжетімділігін қамтамасыз етуге.

Осылайша, Заңның 11-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып,  жоғарыда аталған талаптар орындалмаған жағдайда,  лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкроттық рәсімнің нәтижесінде орындалмай қалған банкроттың кредиторлар алдындагы міндеттемелері мөлшерінде субсидиарлық жауаптылықта болады.

Сонымен қатар, 11-баптың 2-тармағында белгіленген мән-жайлар болған жағдайда,  банкроттық басқарушы тиісті жауапкерге лауазымды тұлганы субсидиарлық жауапкершілікке тарту туралы талап арызды ұсынуға міндетті және жауапкерден банкроттың пайдасына кредиторлар талаптарының жалпы соммасы мен банкроттың мүліктік массасы арасындағы айырмашылықты өндіріп алуы тиіс. 

Банкроттық басқарушының талабы қанағаттандырылған жағдайда сот шешімін орындау «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД берешекпен жұмыс басқармасы