Жарияланған күні: 10.03.2022 18:33
Өзгертілген күні: 10.03.2022 18:34

Салықтық берешегі өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдар ҚР Салық кодексінің 116, 121 бабына сәйкес мерзімде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері және салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады.

Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын және тәсілдерін қолдану басталғанға дейiн тәуекел деңгейі орташа және жоғары салық төлеушіге салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жiберiледi.

Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары мен тәсілдері қолдану тәртібі келесі.

Салықтық берешегі өтелмеген жағдайда мерзімде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері:

1) Өсімпұлды есепке жазу - салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұлды есепке жазу (117- бап  ҚР Салық кодексі);

2) Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру - Салық төлеуші  – заңды тұлғаның, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде салықтық берешегін өтемеген жағдайда банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәртiбі:

- тәуекел деңгейі жоғары  салық төлеуші – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

- тәуекел деңгейі орташа  салық төлеуші – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң.

2021 жылғы 24-маусымдағы №53-VII Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР Салық кодексінің 118-бап  4-1-тармақпен толықтырылды, қайсысы 2022 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Бұл тармақ келесілерді қарастырады: Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салықтық берешек сомасын салық төлеушінің (салық агентінің) өтеуі екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осындай салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын қайта бастауы үшін негіз болып табылады.

Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салықтық берешек өтелген күні банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің күші жойылғанға дейін қайта бастайды  (118- бап  ҚР Салық кодексі).

3) Салық төлеушінің  кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру - Салық төлеуші  – заңды тұлғаның, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның  салықтық берешегін өтемеген жағдайда  кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәртібі:

  • тәуекел деңгейі жоғары салық төлеуші– салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
  • тәуекел деңгейі орташа салық төлеуші – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң жүргізіледі (119- бап  ҚР Салық кодексі) .

4) Салық төлеушiнiң мүлікке билік етуін шектеу- Салық төлеуші  – заңды тұлғаның, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның келесі тіртібі:

         1) салықтық берешекті өтемеген жағдайда салық төлеуші (салық агентi) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:

- тәуекел деңгейі жоғары – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

- тәуекел деңгейі орташа  – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң;

         2) салықтық мониторингке жататын салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұл сомасы туралы, сондай-ақ бюджеттен қайтарылған және қайтаруға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы мәліметтер қамтылған тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда жүргiзедi  (120- бап  ҚР Салық кодексі).

Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары:

1) Банктік шоттардағы ақша есебінен- салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәртібі:

- тәуекел деңгейі жоғары салық төлеуші  – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң;

- тәуекел деңгейі орташа салық төлеуші– салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң (122-бап  ҚР Салық кодексі);

2) Дебиторлар шоттарынан- Тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеушiде (салық агентінде) банктік шоттар болмаған жағдайда,  банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алынғаннан кейін салықтық берешек өтелмеген кезде салық органы түзілген салықтық берешек шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi тұлғалардың банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолданады (яғни  дебиторлар) (123- бап  ҚР Салық кодексі);

3) Билік ету шектелген мүлікті өткізу есебінен- Салық органы тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда, оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шығарады (124-бап  ҚР Салық кодексі);   

4) Жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде - Салық Кодекстiң 121-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген барлық шара қабылданғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салықтық берешек сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту туралы талап арызбен сотқа жүгінеді (125-бап  ҚР Салық кодексі).

Павлодар облысы бойынша МКД

берешекпен жұмыс жөніндегі басқармасы